О церкви | Адреса | Библия | СШ | Стихи | Аудио | Видео | Библиотека | Графика | Знакомства | Закат | Наука | Пророчества | Гостевая
 



Библия Инжил Казакша

Библия > Библия и книги на казахском языке




Қазақша Киелі Кітап (Таурат, Інжіл) — Аудио Библия на казахском языке в формате MP3

Қазақша Киелі Кітап (Таурат, Забур, Пайғамбарлар, Інжіл) — Библия на казахском языке 




Қазақша Библия. Дыбысты формат (mp3).
Қазақша Библия. Дыбысты формат (mp3).  
Казахская Библии. Аудиоверсия (mp3).

Загрузить MP3 1,6 Гб: Ветхий Завет + Новый Завет

Альтернативные ссылки ВЗ + НЗ
Қазақша Библия. Дыбысты формат (mp3).
Қазақша Библия. Мәтін формат.
Библия на казахском. Текстовая версия. 
Скачать/загрузить Киелі Кітап:
Компьютерлік версия, 17 Мб
Телефон (Java) версиясы, 18 Мб
Скан PDF версиясы, 70 Мб




Образец (үлгі, нагорная проповедь на казахском):


   Матай жазған Ізгі Хабар. 5



   Матай жазған Ізгі Хабар. 6



   Матай жазған Ізгі Хабар. 7


Мазмұны (Содержание)

Алгы сөз 

Киелі кітап туралы қысқа мэлімет

Таурат

Жаратылыстың басталуы

Мысырдан көшіп шығу

Пайғамбарлар жазбалары  (Бірінші бөлім)

Рут

Патшалықтар туралы  1-жазба

Патшалықтар туралы 2-жазба

Шежірелер туралы 2-жазба

Забур

Забур жырлары 

Нақыл сөздер

Пайғамбарлар жазбалары  (Екінші бөлім)

Інжіл Шариф

Матай жазған  Ізгі хабар.

Марқа жазған  Ізгі хабар

Лұқа жазған  Ізгі хабар

Жохан жазған  Ізгі хабар

Елшілердің істері

Жақыптың хаты 

Петірдің  1-хаты

Петірдің 2-хаты

Жоханның  1-хаты

Жоханның 2-хаты

Жоханның 3-хаты

Яһуданың хаты

Римдіктерге арналган хат

Қорынттықтарға арналған  1-хат

Қорынттықтарға арналған 2-хат

Ғалаттықтарға арналған хат

Ефестіктерге арналған хат

Філіпіліктерге арналган хат

Қолостықтарға арналған хат

Салониқалықтарға арналган  1-хат

Салониқалықтарға арналған 2-хат

Тімотеге арналган  1-хат

Тімотеге арналған 2-хат

Титке арналған хат

Філимонға арналған хат

Еврейлерге арналган хат

Аян

Түсіндірме

Мазмұны

Алғы сөз

Құрметті оқырман!

Киелі кітап — Құдайдың сөзі, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы. Кең-байтақ әлемде Жаратқан Иеге сиынушылар Киелі кітаптың ежелгі заманнан бізге жеткен жазбаларын қасиет тұтып, қастерлеп келеді. Оның тарихта не тікелей, не өзге кітаптар арқылы әдебиет пен ғылымға, заңдарымыз бен салт-дәстүрлерімізге жасаған ізгі ықпалы орасан зор. Құдай сөзінің қасиетті жазбаларын өз ана тілімізде оқып, игілікті мазмұнымен жақыннан танысуға мүмкіндік бергені үшін Жаратқан Иемізге шын жүректен шүкірлік етеміз.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бері болашаққа деген үмітіміз мол. Алдымызда «алтын дәуірдің» болуын тілейміз. Жеке адамдар мен елдер арасындағы ынтымақ пен әділдіктің берік қалыптасу жолдары Құдай сөзінде нақты көрсетілген. Арамызда тату-тәтті қарым-қатынас орнығып, бейбіт, тыныш өмір орнау үшін Оның ізгі жолымен жүру ең басты қажеттілік.

Даналығы әлемге әйгілі Сүлеймен патша «Нақыл сөздерінде» былай деген: «Білімнің бастауы — Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған мойынсұну». Хақ Тағаланы шын жүректен қастерлеп, Оның еркіне бағынатындар үлкендерді сыйлап, кішілерді қамқорлап, мұқтаждарға мейірімділік көрсетеді, сондай-ақ әділ заңдар мен ізгі салт-дәстүрлерді сақтап, елдің ілгері дамуына атсалысады. Осы тура жолмен жүрген адамдар шынайы бақытты табады.

Қолыңыздағы жаңа басылым «Таурат», «Забур», «Пайғамбарлар жазбалары» және «Інжіл шарифті» толық қамтиды.

Сонымен бұл қасиетті шығарманы оқырман қауымға табыстай отырып, Алла Тағаладан еліміз бен үкіметімізді игілікпен молынан жарылқап, халқымызға тыныштық пен амандық сыйлай көрсін деп тілейміз.


Киелі кітап туралы қысқаша мәлімет

Киелі кітап — Хақ Тағаланың адамзатқа арнаған қасиетті хабарларының жиынтығы. Оның Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбалары және Інжіл шариф атты төрт бөліміндегі киелі жазбалары арқылы біз Құдай Тағаланың ізгі қасиеттері, Оның жаратқан ұлан-ғайыр әлемі және адамдарға деген игілікті еркі туралы оқып-үйренеміз. Жаратқан Ие — игілік пен әсемдік, құдірет пен қуаныш атаулының қайнар көзі. Алайда Өзі өмір сыйлап, жер бетінде билік жүргізуге тағайындаған Адам ата мен Хауа ана ғажайып пейіш бағында Алла Тағалаға бағынбай күнә жасады. Соның кесірінен олар Жаратушының қасынан аластатылып, рухани өлімге душар болды. Сол кезден бастап адамзат Жаратқан Иесінен алшақ өз бетімен жүріп, сансыз көп күнә жасап келеді.

Алайда Құдай Тағала әлі де рақымдылық көрсетіп, Нұх, Ыбырайым, Мұса және тағы басқа пайғамбарларды тағайындады. Олар арқылы адамдарға Өзінің әділ еркін білдіріп, Өзімен қарым-қатынас жасаудың жолын ашты. Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларынан солардың өмірлері, Хақ Тағаланың жіберген хабарлары және Оның ерекше таңдап алған халқы жайлы оқимыз. Жаратқан Ие көне заманда Өзінің ақ жолына түскендермен игілікті Келісім жасаған болатын. Сондықтан да осы туралы баяндайтын Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары бірігіп «Көне Келісім» деп те аталады.

Құдай Тағала адамзатты күнәнің құлдығынан құтқару мақсатымен Мәсіхті жіберетінін бірнеше ғасыр бойы пайғамбарлары арқылы алдын ала білдірген болатын. Мәсіхтің керемет жолмен осы дүниеге келіп, күнәсіз пәк өмір сүріп, адамдарды құтқару үшін өз жанын құрбан еткені Інжіл шарифте баяндалады. Мәсіхтің өмірінде пайғамбарлардың Ол туралы алдын ала білдіргендерінің бәрі де жүзеге асты. Інжіл шарифте Құдай Иенің адамдарға Мәсіх арқылы Өзімен бұрынғысынан да керемет Жаңа Келісімді ұсынғаны сөз болады. Інжіл шарифтің «Жаңа Келісім» деген атауы осыдан шыққан.

Сонымен Жаратқан Ие Інжіл шариф арқылы Көне Келісімнің жазбаларын растап, толықтырып, Өзінің еркін адамзаттың тереңірек танып-түсінуіне мүмкіндік берді. Сол себепті де Жаратқан Иенің білдірген барлық тәлімдерін ұғына алуымыз үшін Оның Киелі кітаптағы жазбаларының бәрін қастерлеп, оқып-үйренгеніміз жөн.

Теріс жолдан қайтып, Құдайдың тура жолына түскен сансыз көп адам жарылқанып, өмірлері өзгеріп, қуаныш пен жан тыныштығына кенеліп келеді. Сондай құдайшыл жандар Оның хабарлары сақталған қасиетті жазбаларды мұқият көшіріп жазып, жинақтап, кейінгі ұрпақтарға қалдырды.

Көне заманда жазылған не рухани, не басқа да кітаптың ешбір түпнұсқасы осы күнге дейін жеткен жоқ. Себебі ежелде қағаз бен баспахана құралдары болмағандықтан, жазу үшін папирус және арнайы әдіспен иленген мал терілері (жарғақтар) қолданылатын. Уақыт өте сол заттардың тозып, жарамсыз болып қалатыны түсінікті. Алайда Құдай Тағаланың рақымы және құдіретімен шөлді аймақтардағы құрғақ, жабулы орындарда сақталған Киелі кітаптың жазбаларының көптеген ежелгі көшірмелері осы заманға дейін жетті. Мысалы, Палестинадағы Өлі теңіздің батыс жағасындағы шөл далада орналасқан Құмран үңгірлерінен Ишая пайғамбардың жазбасының екі мыңнан астам жыл бұрын жасалған қолжазбасы табылды! Сонымен қатар Мысырдағы шөлді жерлерде Інжіл шарифтің бұдан бір мың алты жүз жыл бұрын жарғаққа жазылған толық қолжазбалары (кодекстер) және одан да көне папирус қолжазбаларының үзінділері сақталып келді.

Құдай сөзінің қасиетті мазмұнының соншама ұзақ уақыт біздің заманымызға дейін сақталып келгені қандай керемет! Ал Киелі кітаптың Қорғаушысы — құдіреті шексіз Алла Тағаланың Өзі. Ол мыңдаған жылдар бойы өз кітабының рухани мазмұнын құрып кетуден сақтап келіп, біздердің де қазіргі күні оны оқып-танысуымызға мүмкіндік береді.

Киелі кітаптың маңызды қасиеттерінің тағы біреуі мынау: шамамен бір жарым мыңжылдық кезеңде түрлі адамдар арқылы жазылғандығына қарамастан, Киелі кітаптың жазбаларындағы рухани хабарлар бір-біріне сәйкес келеді. Киелі кітаптың ішкі біртұтастығы оның шын мәніндегі жазушысы ондағы жазбаларды жазып қалдырған кісілер емес, құдіреті күшті Құдайдың Киелі Рухы екендігін дәлелдейді.

Құдай сөзінің тағы бір ерекшелігі — оның мазмұнын түсіну аса қиынға соқпайды. Киелі кітап осыдан мыңдаған жылдар бұрын көне тілдерде жазылғанына қарамастан, оны әлемнің кез келген тіліне аударуға болады. Киелі кітаптың негізгі мазмұнын тіпті шала сауатты кісілер де түсіне алады. Әлемнің шалғай түкпірлерінде тұратын әр қилы адамдардың Киелі кітапты оқып-ақ, Құдайдың ізгі жолына түсіп, күнәларына кешірім алғандары туралы куәліктердің саны аз емес.

Жаратқан Ие Өзінің сөзін күллі адамдарға арнағандықтан, Киелі кітап бүкіл адамзатқа ортақ. Оның жазбалары дүние жүзіндегі әдеби тілдердің бәріне дерлік аударылып, басылып шыққан. Сондықтан Киелі кітап дүние жүзіндегі ең көп тараған әрі ең көп оқылатын бірден-бір кітап. 2007 жылдың соңына дейін Киелі кітап толықтай 438 тілге, ал оның бөлімдері жалпы 2454 тілге аударылып, басылып шыққан.

Ерте заманда-ақ біздің еліміздегі және бүкіл Орта Азиядағы көптеген адамдар Құдайдың сөзін қасиет тұтып, қастерлеген. Халқымыздың бірсыпыра руларының Мәсіхтің тура жолымен жүріп, Құдайдың жарылқауына ие болғандары жайында тарихи деректер мол. «Ата-бабадан қалған сара жол — келер ұрпаққа да дана жол» делінгендей, біздің де Құдайдың сөзін қастерлеп, онда көрсетілген тура жолмен жүргеніміз орынды.

Тіл, әдебиет, тарих және дін мамандары ғылымның барлық жетістіктерін қолданып, Киелі кітаптың мазмұнын тұпнұсқаға дәл, анық та түсінікті және қазақ тілінің заңдарына сәйкес етіп аудару жолында еңбектенді. Олар Киелі кітаптың түпнұсқа тілдеріндегі ең көне қолжазбаларын негізге алып, оның басты аудармалары мен түсіндірме кітаптарын да пайдаланды.

Енді сонау қадым заманнан бізге жеткен осы қасиетті кітаппен қалың көпшілік, соның ішінде басшылар мен ғалымдар, ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері мен жетекші мамандар да танысып, рухани игілік қабылдай алады.

Алла Тағала халқымыз бен басшыларымызды молынан жарылқап, бізді Өзінің Киелі кітабын мұқият оқып шығып, одан ізгілікті тәлім алуымызға жетелей көрсін! Аумин.


Ескерту: Жазба бөлімдерінің оңай табылуы үшін арнайы тақырыпшалар енгізілді.

Сонымен қатар беттердің төменгі жағында сілтемелер мен қысқа түсініктемелер берілді. Бұларға мәтіннің ішінде жоғары қойылған әріптермен сілтеніп, әрқайсысы да өзіне қатысты аяттың санымен басталады. Мысалы, а14, к20 т.с.с.

Түсініктемелердің көбінде Киелі кітаптағы басқа аяттарға сілтеме жасалған. Мысалы, «6:21,25-26» сол жазбаның ішіндегі алтыншы тараудың 21-ші және 25,26-шы аяттарын білдіреді. Ал «Жох 1:14» Жохан жазған Ізгі хабардың бірінші тарауының 14-ші аятына сілтейді.





Қазақша Киелі Кітап (Таурат, Інжіл) — Аудио Библия на казахском языке в формате MP3

Новый Завет на русском в восточном стиле





Новый Завет для Центральной Азии
Аудиоверсия (MP3)

Скачать/загрузить MP3 611 Мб: Новый Завет
Альтернативная ссылка: Новый Завет


Новый Завет для Центральной Азии
Текстовая версия


  Образец (нагорная проповедь):




    Матай (Матфей) 5


   Матай (Матфей) 6



   Матай (Матфей) 7



  Образец (нагорная проповедь):

Кого благословляет Всевышний?

1 Увидев множество народа, Иса поднялся на склон горы и сел там. К Нему подошли Его ученики,
2 и Он начал их учить, говоря:
3 – Благословенны осознающие свою нужду во Всевышнем, потому что из таковых состоит Царство Всевышнего
4 Благословенны плачущие, потому что они будут утешены.
5 Благословенны кроткие, потому что они наследуют землю.
6 Благословенны те, кто голоден по праведности и жаждет её, потому что они насытятся.
7 Благословенны милосердные, потому что с ними тоже поступят милосердно.
8 Благословенны чистые сердцем, потому что они увидят Всевышнего.
9 Благословенны миротворцы, потому что они будут названы сыновьями Всевышнего.
10 Благословенны те, кого преследуют за праведность, потому что из таковых состоит Царство Всевышнего.
11 – Благословенны вы, когда из-за Меня люди оскорбляют и преследуют вас и говорят о вас всякую ложь.
12 Радуйтесь и торжествуйте, потому что вас ждёт великая награда на небесах! Ведь так же преследовали и пророков, бывших прежде вас.


   ...

От издателей

Священное Писание – сборник восточных книг Священное Писание  является  собранием  из  четырёх  книг – Таурат,  Забур, Книга Пророков и Инжил. Важно  заметить,  что  эти  уникальные  книги  родились  на  Востоке  и  вобрали  в  себя  образы,  взгляды  и атмосферу,  присущие  восточной  культуре. Почти  полностью Писание  было  записано жителями Древнего Востока,  под  водительством Духа Всевышнего. Названия  трёх  из  этих  книг  и многое  из  их  содержания известны в Центральной Азии из арабских источников.
 
Священное Писание  является  самым  древним  источником  культурной  и  религиозной жизни Востока. Например, оно описывает жизнь героев и пророков древности – людей, хорошо известных в Центральной Азии: Адама, Нуха (Ноя), Ибрахима, Исмаила, Мусы, Якуба, Юсуфа, Исы и других. В нём также содержатся
песни,  написанные царём Давудом, мудрые изречения и прочие  размышления, принадлежащие перу царя  Сулеймана.
 
В Писании говорится откуда произошёл обряд обрезания и какое он имеет значение (см. Таурат, Нач. 17). В нём описываются события, которые послужили причиной празднования Курбан айт (см. Таурат, Нач. 22). В Писании также говорится о запрете Всевышнего есть свинину (см. Таурат, Лев. 11:1-8).
 
Здесь мы находим источники обычая совершать обряд омовения перед тем, как войти в храм (см. Таурат, Исх. 40:30-32; Песнь из Забура 23:3-4) и того, почему люди, в знак уважения, встают перед  старшими (Таурат, Лев. 19:32). В Писании также встречается выражение, позже пришедшее в Центральную Азию в виде выражения: «Бисмилляхи-р-рахмани-р-рахим» (см. Таурат, Исх. 34:6; Инжил, Якуб 5:11). Писание учит тому, что самое важное повеление начинается с провозглашения:  Бог – един (Таурат, Втор. 6:4; Инжил, Мк. 12:29).






Инжил

Тимофей Дадли-Смит — Әлемді Құтқарушы Иса Мәсіх (детская Библия на казахском языке)




Иса Мәсіхтің өмірі әлемдегі ең ғажайып тарихи аңыз ретінде ежелден белгілі. Оқырмандарға ұсынылып отырған әңгімелер, балалардың осы кітапты өздері ынта қоя оқып, Иса Мәсіхтің өмірімен жете танысуына ықпал етуі үшін, суреттермен үйлестіріле отырып жазылған.

Әсіресе бұл тарихи оқиғаларды кешкі дұғаның бір бөлігі ретінде балалардың үйықтар алдында оқығаны жөн. Күніне бір әңгімеден оқып отырса, бірнеше аптаның ішінде балаларыңызға Құтқарушының бүкіл тарихы белгілі болады. Әрине, ол қазірдің өзінде бірер нәрселерді білетін болар, бірақ балаға оқиғаның желісін үзіп алмай, үнемі оқиғалардың бір-бірімен сабақтастығын сақтай отырып оқығаны, оған Иса Мәсіхтің жердегі өмірі туралы толық мәліметті алуына мүмкіндік туғызады. Бүл әдіс мектептерде, жексенбілік мектептерде және отбасында уақыт сынынан әбден өткен. Оларды дауыстап оқығаныңды балалар көңіл қоя тыңдайды.

Бұл кітаптың бір ерекшелігі, оның Киелі кітаппен, ең алдымен Лұқа жазған Ізгі хабармен тікелей байланыстылығында. Әрине, бұл кітапты жазғанда, оқиғаларды көркемдеп суреттеуге де белгілі орын берілген, бірақ бұл оқиғалар Иса Мәсіхтің өмірінің бізге белгілі тұстарына нақтылы негізделген. Кітапта ойдан шығарылған кейіпкерлерді кездестірмейсіз. Исаның Сөздері Киелі кітаптан аударылған дәйексөз арқылы беріледі. Осыған орай, оқиғалардың оңайлатып ұсынуына қарамастан, балалар кітаптан Иса Мәсіхтің шынайы керемет және тамаша өмірінен мағұлымат ала алады және өздерінің алдағы бүкіл өміріне қажетті Оның аса маңызды қағидаларын естерінде сақтайтын болады.

Егер отбасы ылғи кітапты кешке оқып отыруды әдетке айналдырса, онда баланың біраз уақыттан кейін Ізгі хабарды өз бетінше оқуына мүмкіндік туады.





Kөшіру:  Word |  PDFPDF+




Инжил

Жаратушыға апарар жол ("Путь ко Христу" на казахском языке)




Табиғат пен ақиқат сияқты болмыстар Құдайдың сүйіспеншілігіне куәлік етеді. Біздің Көктегі Әкеміз өмірдің нәрлі бастауы, көңіл қуанышы, асқан кемеңгерліктің өнегесі екені - ақиқи шындық. Айналамызды қоршаған табиғаттың таңғажайып, тылсым сұлулығына, Жаратушының жаратқан сансыз жаратылыстарына көз жіберер болсақ, осылардың барлығын Ол тек адамдардың бақытты өмір сүруі үшін ғана емес, барша тірі жанды жаратылыстардың тіршілік етуі үшін жаратқандығына қанық боламыз. Нөсерлі жаңбырдың артынан Күннің нұрлы сәулесі, шүғылалы шуағын жерге молынан төгіп жіберсе болғаны, дархан дала төсі құлпырып сала береді. Құзар биік шыңдарын қар басқан асқар таулар, ұшы-қиырына көз жеткізгісіз телегей теңіздер мен мұхиттар, қойнауы құтқа толы жазира кең жазықтар, ауызбен айтып жеткізе алмастай сұлулықты, адамдардың игілігі мен көңіл қуанышы үшін жаратқан құдіреті күшті Құдайдың асқан Ұлылығын паш етеді.

Адамның иелігіне осыншама сұлулықты, құт-берекені, сансыз игіліктерді нәсіп еткен Құдай Әкенің, Өзі жаратқан пенделеріне - адамдарға деген Тәңірілік сүйіспеншілігі қандай шексіз десеңізші! Барлығы да Оның бізге деген сүйіспеншілігі туралы бар әлемге жар салып тұрғандай. Өйткені Ол барлық жаратқандарын керекті нәрселермен қамтамасыз етеді. Осы туралы Дәуіт пайғамбар былай деген: "Барлығының жанары Саған үмітпен қарайды, Сен олардың тамақтарын уақытылы бересің; Алақаныңды ашып, өмір сүріп жатқандардың бәрін рақымшылық, ізгілік көңілмен тойындырасың"
  





Kөшіру:  Word  |  PDF




Инжил

  Білімді адам Құдайға сене ала ма?





Құрметті оқырман! Құдайға сену дегеннің не екенін сіз сенушілердің өз аузынан естіп білуге қарсы емес шығарсыз. Құдайға сенбейтіндердің (атеистердің) дәлелдері көпшілік жағдайда сізді қанағаттандыра алмай жүр ме? Яки Құдайға деген сенімге ешқашан қызыққан жоқсыз ба? Әлде бір шешімге келмей тұрып кейбір қиын, түсініксіз мәселе туралы анық мәлімет алғыңыз келе ме?

Егер осы сауалдардың кез келген біреуіне ғана «иә, солай» деп жауап бере алсаңыз, қолыңызда ұстап тұрған кітаптың сізге арналғаны. Бұл еңбек сенім және ғылым жайлы сұрауға болатын сауалдардың бәріне де егжей-тегжейлі жауап бере алмағанымен, жиі кездесетін сұрақтарға жауап берер. Ең болмағанда, сіздің сенім туралы ізденісіңізге ой салар деген үміттеміз.

Қолыңыздағы кітапты оқығаннан кейін сенімге соншалық қызығып, Киелі кітапты немесе «Құдай жолы — құтты жол» деген шығарманы зейін қойып оқып шығарсыз. Сол топтамада Киелі кітаптан таңдап алынған бірқатар мәтіндер тарихта орын алған реттілікпен берілген. Мүмкін, Құдайға сенетін достарыңыздың бірі сізге сондай кітапты тауып берер. Оның ішінен тағы көбірек мәлімет табасыз.

Бұл кітаптың ішінде Інжілден үзінділер мен сілтемелер кездеседі. Олар мынадай түрде жазылған: Лұқа1:1-4. Мұндағы «Лұқа» — Лұқа жазған Ізгі хабарды, бірінші сан — оның тарауын, ал қос нүктеден кейінгі сандар — осы тараудағы аяттардың ретін көрсетеді. Осындай сілтемелер Киелі кітаптың қай жерінен екенін жылдам және оңай табу үшін ыңғайлы.

Кітапты оқып шыққаннан кейін сенушілер туралы көбірек білгіңіз келсе, Құдайга сенетін кісілермен танысатын мүмкіндік табарсыз деп ойлаймыз.
Жалпы алғанда, сенімге апаратын жолыңызда кедергі болған кейбір теріс ұғымдарыңыздан арылуға бұл кітап көмектеседі және сенімге жақындау сіз ойлағаннан анағүрлым жеңіл екеніне көзіңіз жетеді деген үмітпен осы еңбекті ұсынып отырмыз.

  





Kөшіру: Word  |  PDF





Инжил

Құдай  жолы ― құтты жол





Ключевые слова для поиска:  Киелі кітап. Қазақ тілі. Қазақша Інжіл, Торат (Таурат). Ақиқат. Иса Мәсіх ибн Марьям. Иса Пайғамбар. Христиан кітаптар. Толтыра арту. Казахский перевод Библии. MP3. Аудио Библия (Священное Писание) и христианская литература/книги на казахском языке. Kazakh language Bible  and Christian books. Скачать. Загрузить. Download.



Kөшіру: PDF






Жаратушы Иеміздің Ізгі Хабарын қабылдаған рухани баурластарыма, дұғай сәлем!




Қымбатты бауырларым! Қымбатты деп айтудың толық негізі бар. Себебі, біз үшін өте қымбат баға төленген. Ол туралы КИЕЛІ КІТАПТА. Азат болуларың ұшін не төленгенін білесіңдер: Күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес, Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» Мәсіхтің өзі құрбан болып, Баға жетпес қанын төгуімен
Құтқаруларыңнын құнын төледі деп Петірдің 1 хаты 1:18-19 жазылған. Басқа да қандас бауырластарымызға Ізгі Хабарды жеткізуге осы сайт арқылы шақырамыз. Себебі біз туралы: «Шынайы хабарға мойынсұнып, күнадан тазарған сендер бауырластарыңа деген нағыз сүйіспенпілікке кенелдіңдер. Енді бір-біріңді үздіксіз,шын жүректен сүйіңдер!» деп Петірдің 1 хаты 1:21 жазылған. Қандай бір айтатын сәлем, дұға, сұрақ немесе тілеулеріңіз болса, осында хабарлассаңыздар екен деп сұраймыз. Егер аудио, видео, аудармалар мен басқа да түрлі рухани тараптағы материалдарыңыз болса мына электрондық адреске жіберуді өтінеміз: support@adventist.kz
 
Мен де «Құдайдың өмір беретін мәңгілік СӨЗІН қабылдағанда қайта туылып, жаңа өмірге ие болған» бауырыңыз Нұрсағилә деп білерсіздер.










Ключевые слова для поиска:  Киелі кітап. Қазақ тілі. Қазақша Інжіл, Торат (Таурат). Ақиқат. Иса Мәсіх ибн Марьям. Иса Пайғамбар. Христиан кітаптар. Толтыра арту. Казахский перевод Библии. MP3. Аудио Библия (Священное Писание) и христианская литература/книги на казахском языке. Kazakh language Bible  and Christian books. Скачать. Загрузить. Download.

Ключевые слова для поиска:  Киелі кітап. Қазақ тілі. Қазақша Інжіл, Торат (Таурат). Ақиқат. Иса Мәсіх ибн Марьям. Иса Пайғамбар. Христиан кітаптар, дін тұту, иман. Толтыра арту. Адам мен Хауа. Ибраһим. Мейірім. Жүнiс. Жүсiп. Бинямин. Закария.  Сүлеймен. НҰХ. Мұса. Лут. Дәуiт. Казахский перевод Библии. Телефон Java. MP3. Аудио Библия (Священное Писание) и христианская литература/книги на казахском языке. Kazakh language Bible  and Christian books. Скачать. Загрузить. Download.

Ключевые слова для поиска:  Киелі кітап. Қазақ тілі. Қазақша Інжіл, Торат (Таурат). Ақиқат. Иса Мәсіх ибн Марьям. Иса Пайғамбар. Христиан кітаптар. Толтыра арту. Ахл уль-Китаб.  Люди книги. Казахский перевод Библии. MP3. Аудио Библия (Священное Писание) и христианская литература/книги на казахском языке. Kazakh language Bible  and Christian books. Скачать. Загрузить. Download.

  РЕКОМЕНДОВАТЬ:

English language | Қазақ тілiПасторская консультация E-mail: support@adventist.su